20.12.2018, 10:55
Оқылды: 29

Таловта ауыз су құбыры іске қосылды

Жәнібек ауданы Талов ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауыз су пайдалануға берілді.

su (4)

Айта кетейік, 876 тұрғыны бар 212 үйге таза су құбыры тартылды. 17 шақырымдық су құбырына мемлекет тарапынан 190 млн. теңге бөлінген.

 Аудан әкімі Азамат Сафималиев ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Тәуелсіздік мерекесіне орай ауылдың бір топ азаматын облыс әкімі атынан және өз атынан алғысхаттармен марапаттады. Салтанатты шара барысында ауыл тұрғындары атынан ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ораз Табаев пен «Әжелер отауы» тобының төрайымы Мәруа Мұқатаева алғыс айтты.

su (1) su (2) su (3)

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале