19.07.2021, 19:36
Оқылды: 55

Таңдауды сіз жасайсыз!

Биыл елімізде маңызды тарихи шешім қабылданды. Ол - ауыл әкімдерінің сайлауы. Халық ауыл әкімдерін өзі таңдау құқығына ие болды. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдірудің негізгі тетіктерінің бірі.

sailau kaztalov

Сонымен қатар биыл сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Заңға сәйкес азаматтар сайлауға түскен үміткерлердің ешқайсысына дауыс бермеу өз еріктерінде.  Шілденің 25-і күні өтетін ауыл әкімдерін сайлау халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастырудың бастапқы сатысы. Сондықтан барша ауылдастарды әділ таңдау жасауға шақырамын.

Аружан Фатихова
Казталов ауданы

Көктерек ауылдық округі әкімдігінің маманы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале