28.03.2024, 18:00
Оқылды: 39

Тасқала – Аққурай тас жолында қозғалыс шектелді

Тасқала ауданында су тасқынын алдын алу шаралары қарқынды жалғасып жатыр. Азаматтық қорғаныс құрылымдарымен 24 наурыздан бастап 13 мыңнан астап текше метр су сорылды. 7,5 шақырым судың жолы тазартылып, жыртылды. Өзендердің және бөгеттердің жағасын нығайту, жекелеген тұрғын үйлерді тасқын судан оқшаулау мақсатында 3 мыңнан астам құм салынған қап төселді. Қосымша 1 мың қап дайындалды. Деркөл өзенінде қалыптасқан мұз кептілістері жарылды. Мерей және Тасқала ауылдарында бөгеттерді жырып кету қауіпін азайту мақсатында артық судың ағып кетуіне арналған арналар (отвод) кеңейтілді. Нәтижесінде бөгеттердегі су деңгейі төмендетілді, бақылауға алынды.

су таскала 2024 (1)

Аудан аумағындағы барлық су айдынындағы судың деңгейі бақылауға алынды. Қазіргі уақытта Деркөл өзенінің су деңгейі 495 см, шекті көтерілуі 534 см көлемінде болды. Бірінші Шежін өзені 474 см және Екінші Шежін өзені 792 см (қауіпті деңгей 780 см) деңгейінде. Сәйкесінше, шекті көтерілу 520 см және 814 см деңгейінде болды.

су таскала 2024 (2)

Алдағы күндері ауа температурасының көтерілуі күтілуде. Азаматтық қорғаныс құрылымдары жекелеген учаскелерде судың алдын бөгеу, аулаларға іргелес аумақтардан суды сору жұмысы жүріп жатыр.

су таскала 2024 (3)

Тасқала – Аққурай тас жолында судың жолды шайып өтуіне байланысты 96-134 шақырымдарында барлық автокөлік түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Назгүл Жардемова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале