18.06.2026, 16:15
Оқылды: 10

Тасқала ауданында зияткерлік спорт жарысы өтті

Тасқала ауданында тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан ардагерлер арасындағы аудан біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Дәстүрлі додаға ауданның барлық ауылдық округтерінен келген спорт ардагерлері қатысып, өзара шеберлік байқасты.

ардагерлер 1 (1)

Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез бен аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәрдемғали Балықов қатысып, жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

Байрақты бәсекенің негізгі мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зияткерлік спорт түрлерін кеңінен дамыту, сондай-ақ қатысушылар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар жарыс тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, жас ұрпаққа өнеге көрсетуді және ұлттық ойындарды дәріптеуді көздейді.

Ашылу салтанатында сөз алған ұйымдастырушылар спорттың қоғамдағы орны мен адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, ардагерлердің белсенділігі мен өмірлік тәжірибесін жоғары бағалады. Шара барысында командалар таныстырылып, жарыстың ережелері мен бағдарламасы жарияланды.

Тартысты өткен жарысқа барлығы 13 спорт ардагері қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Шахмат сайысында тасқалалық Ғанмирлан Тұрғанәлиев жеңіс тұғырынан көрініп, І орынды иеленді. Достық ауылынан келген Қайырғали Аманов күміс жүлдеге қол жеткізсе, Қосшы ауылының өкілі Асқар Губашев үздік үштікті түйіндеп, ІІІ орынға тұрақтады.

Тоғызқұмалақ бәсекесінде Мереке ауылының тұрғыны Әділбек Ажгиреев топ жарып, чемпион атанды. Ал Тасқала ауылының ойыншысы Есім Кенжеалиев ІІ орынды иеленді.

Дойбыдан өткен тартысты додада Мұрат Нұржанов (Тасқала ауылы) жеңімпаз атанды. Мерей ауылының өкілі Ақболат Тулақбаев ІІ орынға ие болса, тасқалалық Садихин Наджимов ІІІ орынды қанағат тұтты.

ардагерлер 2 (1)

Ардагерлердің басын қосқан бұл спорттық дода аудан көлемінде зияткерлік және ұлттық спорт түрлерінің дамуына серпін беріп, қатысушылар арасындағы өзара сыйластық пен достық байланыстардың нығаюына ықпал етті.

Бекжан Бақытжан

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале