2.09.2020, 10:22
Оқылды: 204

Тасқалада сиыр сауудан байқау өтті

Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сиыр сауудан байқау өтті. Сиыр сауу

Осындайда «Жолдан көңілсіздеу келдім. Себебі жолай бұзауын емізген сиырларды көрдім. Сонда қазір ауыл қазағы сиыр саумайды ма? Бұрындары бұзау сиырды еміп қойса, ол отбасы үшін трагедия болатын. Сиыр сауылмаса, қаймақ жоқ, май жоқ деген сөз. Сиыр сауылмаса, әйел тәрбиесі, дастарқан құты кеміді деген сөз, – деген Жайықтың Ақ шағаласы, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның сөзі ойға оралады, - дейді Тасқала ауданы, Амангелді ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Аман Байғали.

Аудан бойынша алғаш рет ұйымдастырылған сиыр сауу байқауына 15-тен аса қыз-келіншек қатысты.

Қоғамдағы әйел тәрбиесіне жете мән беру, дастарқан қасиетін ұғындыру, еңбексүйгіштік иірімдерін қалыптастыру мақсатында өткен байқау барысында Оян, Ақтау, Қазақстан, Атамекен, Амангелді, Мереке ауылдары атынан қатысушылар белсенділік танытты.

Сайыс қорытындысында бас жүлдені Амангелді ауылдық округінен қатысушы Өтеповтер әулетінің келіні Әлима Өтепова жеңіп алды.

Жеңімпаз болып танылған Әлима Өтепова 3 минуттың ішінде 7 литр сүт сауып үлгерді.

Ұйымдастырушы тараптан жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале