21.06.2024, 10:45
Оқылды: 85

Тасқалада «Таза бейсенбі» акциясы өтті

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Оған «АMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының мүшелері де үлес қосып жатыр.

4F53ED21-05A8-46A0-9A45-7284AE39CFEF

Тасқала ауданы орталығындағы Тұңғыш Президент саябағында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясына бес бастауыш партия ұйымы  мен аудандық мәслихат депутаттары, аудандық  «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мұндағы мақсат – қоршаған ортаны сақтап, әлеуметтік мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық жағдайды жақсартып, өмір сүру сапасын арттыру.

FA7AEED2-1521-4314-AC78-B25C584144FD

Сондай-ақ, айналаны қоқыстан тазартып, ауданның гүлденуіне өз үлес қосу. Бұл бірреттік науқан емес. Президенттің өзі осылай деді.

Мұндай жұмыстар үнемі жүргізілу керек. Әр тұрғынның экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды арттыру мақсатында қолға алынған осындай іс шараға ешкім бей-жай қарамау керек.

Аталмыш акцияның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева мен «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева арнайы қатысты.

AB54E258-FE96-4E79-9052-35FB6C189CCD

Алдымен сөз алған Люция Әсетқызы акцияның мақсатына тоқталып, барша тұрғындарды тазалық акциясына  атсалысуға шақырды. Одан әрі үлкен науқанға қатысушылар бес бағыт бойынша тазалық жұмысына кірісті.

Теректердің астын қопсытып, әктеп, су жүретін арықтарды қоқыстардан тазартты.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале