30.03.2022, 9:10
Оқылды: 67

Тасқаладан төрт жүлде

Тасқала ауданында тоғызқұмалақтан ашық біріншілігі өтті. Облыстың 12 ауданынан келген озық ойлы жастар жарысында Бәйтерек ауданының намысын Думан Шанов баптайтын Үлкен Шаған мектебінің оқушылары қорғады. 

FB_IMG_1648608131491

Қызықты ойын қорытындысында тоғыз жасар қыздар арасында бақ сынаған Аяулым Өтесін жеті ойынның барлығында жеңіске жетіп, бірінші орын иеленсе, Жаннұр Қадырғали үшінші орынға табан тіреді. Одан бөлек Мөлдір Батуллина, Мархаббат Көпжасар да ашық біріншіліктің қола жүлдесін қанжығасына басты.

FB_IMG_1648608136488

-Ауыл мектебі оқушыларының тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығы жоғары. Осы жарысқа баруымызға қолдау білдірген ата-аналарға алғысымыз шексіз. Жарыс ұйымдастырушыларына да үлкен рахметімізді айтқым келеді. Басқа да жарыстардан жүлде алуға күш саламыз,-дейді ауыл балаларын тоғызқұмалақ ойынына баптап жүрген Думан Шанов.

FB_IMG_1648608134171

Айта кететін тағы бір жайт, осы жарыста өзі қатарлы ұл балалар арасында бақ сынаған Мөлдір Батуллина үшінші орын иеленген-ді. Аталмыш ойын ережесі бойынша мұндай практика рұқсат етілген. Ер балалармен иық тірестіріп, жүлдеге ие болған Мөлдірдің болашағы зор деген үміттеміз.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале