7.04.2020, 15:04
Оқылды: 194

Тасқалалық жүз отбасыға тегін ұн мен картоп үлестірілді

Кеше Тасқала ауданының орталығында «Тасқала Дэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылды.

48073616-661F-4A82-8C3D-E2BA5D3261F2

Ел басына күн туған шақта «Тасқала ДЭН» секілді жеке кәсіпкерліктер халықтың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, қамқорлық танытып жатқаны қуанарлық жағдай. Құны 1 060 000 теңгені құрайтын 25 келілік астық пен 30 келілік картоп өнімін тізім бойынша аз қамтылған отбасыларға тегін үлестіріп берген болатын. Аталған демеушінің көмегіне аудан бойынша 100 отбасы қол жеткізді. Яғни тек аудан орталығындағы тұрғындар емес, сонымен қатар ауылдық округтегілер де өздеріне тиесілі азық-түлікпен қамтылды. 

ADCAF556-41E7-41A6-9E72-77F422E1F400

   - Әлемді дүр сілкіндерген індетке байланысты бәріміз де құлағдар болып отырмыз. Елімізде карантин жарияланғаннан бері баршамыз сақтық шараларын қолға алдық. Десек те аудан тұрғындарының арасынан аз қамтылған отбасыларға өз ұжымымыз атынан қамқорлығымызды көрсеткіміз келді. Сондай мақсатпен қолымыздағы тізім бойынша әр отбасыға бір қап астық пен бір қап картоп өнімін тегін таратып бердік,- дейді «Тасқала ДЭН» ЖШС қызметкері Айдана Елеукенова.

 Әсет Баян

Тасқала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале