22.03.2024, 16:37
Оқылды: 32

Тасқалалықтар Ұлыстың ұлы күнін тойлады

Тасқала ауданының орталығы Абай алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара басталды. Әр мекеме ұлттық тағамдардан дастархан жайып, тегін бауырсақ пен палау таратылды. Балалар алтыбақан теуіп, үлкендер бір-бірімен құшақ жая көрісті.

12

Мерекелік шара театрландырылған көрініспен басталып, ақсақалдар батасын берді. Жиналғандарға наурыз көже таратылып, жарапазан айтылды. Жаңа түскен келіннің беті ашылып, облысымызға танылып үлгерген ауданымыздағы көкпаршы жігіттер көк туымызды көтеріп  орталық алаңды атпен жүріп өтті.

11

Тасқала ауданының әкімі Талғат Асқарұлы аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Содан соң шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.

13

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале