Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды
24 Наурыз 2023

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр
24 Наурыз 2023

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
23 Наурыз 2023

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз 2023

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

26.04.2022, 17:45
Оқылды: 119
Тәуелсіз елдің құрметті педагогі

Педагогика ғылымдарының кондидаты, профессор, Сарыкөл ауылының тумасы, жерлесіміз Нәсіпқали Дәулетов ағамыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанды.

Тәуелсіз елдің құрметті педагогы

Ол 1945 жылы Сарыкөл ауылында дүние есігін ашқан.1953-1960 жылдары Сарыкөл ауылында жеті жылдық, 1960-1963 жылдары Жаңақала ауданындағы С.М.Киров атындағы орта мектебінде, 1967 жылы Орал педагогикалық институтында, 1976 жылы Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ-дың аспирантурасында білім алған.

Еңбек жолын Орал педагогикалық институтының оқытушысы қызметінен бастап, институттың педагогика кафедрасының меңгерушісі, дайындық бөлімінің деканы, 1993 жылдан 2017 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ елге сіңірген елеулі еңбегінің арқасында көптеген медалдар мен дипломдарға ие болған. Атап айтар болсақ, 1995 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медалімен, 1992 жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі атағымен, 2002 жылы «Ең үздік мектеп директоры» дипломымен, 2005 жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері атағымен, 2006 жылы «Ең таңдаулы директор» дипломымен, 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале