10.12.2021, 12:40
Оқылды: 71

 «Тәуелсіздік – тұғырым»

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін айшықты белес – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік шара кеше түстен кейін Сырым ауданы Елтай ауылдық округінің орталығы Тасқұдық ауылында өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысты.

IMG_1405

– Мемлекеттік нышандарымыз, шекарамыз, мемлекеттік органдарымыз, Президентіміз, Ұлттық валютамыз бар мемлекеттік құрылымбыз. Ақтаңдақ тарихымыздағы болған сан жылдан тамыр тартатын ұлт-азаттық көтерілістердің, соның ішінде биыл 35 жыл толған Желтоқсан оқиғасының тәу етер Тәуелсіздігімізді алуда үлесі зор. Аудан бюджеті алғашқы төл теңгеміз енген жылдары 2 млн 700 мың теңге болса, қазіргі қазынамыз 5 млрд 800 млн теңге. Алдағы жылы Тасқұдық ауылына кірме жолдың жобалық-сметалық құжатын жасақтап, жөндеу жоспарда, -деген Асланбек Сарқұлов аудан отыз жылда ауданның атқарған ауқымды істерін атап, мерейлі мерекемен құттықтады.

IMG_1610

Орынбай Алшагиров, Манарбек Қыдырғалиев, Ләйла Батиева, Нұрлы Ұзақбаева, Әлия Қойбағароваға аудан әкімінің алғысхаты табысталды. Елтай ауылдық округі әкімі Рашид Байыровтың алғысхаты Күлайым Мүтиқызы, Шандоз Машанқызы, Жаңылсын Байғалиқызы, Абылай Ермұратұлына ұсынылды.

IMG_1411

Салтанатты шарадан соң тасқұдықтықтар «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концертті тамашалап, құлақтан кіріп бойды алған әсем әндерді тыңдады. Зарина Шыныбек «Қазағым», Ақерке Ажғалиева «Желтоқсан желі», Гүлфия Қобыланды «Тәуелсіз елдің ұраны», Заңғар Зағыпар «Туған ел» әндерін шырқады. Өркен Бисенов пен Айкөркем Жалелова Қайрат пен Ләззаттың монологын оқыса, «Ақеркенің еркелері» КТК командасы ойын көрсетті. «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты әдеби монтаж қойылып, «Қаршыға» драма үйірмесінің шәкірттері «Аташканың ауылы» көрінісін көрермен назарына ұсынды.

 Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале