8.12.2021, 16:10
Оқылды: 66

Тәуелсіздікпен бірге түлеген Талдыбұлақ

Тәуелсіздікпен бірге түлеген ауылдың бірі – Талдыбұлақ. Даласында егін жайқалған, көшесінде татулық пен шаттық салтанат құрған аядай ауылдың өз табысы, өз жетістігі бар. Біз әрине оны Егемендікпен етене байланыстырамыз.  

35

2001-2006 жылдары аралығында «Көктөбе» сауда үйі, жаңа үлгідегі «Көктөбе» мейрамханасы салынып, Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай «Көктөбе» саябағы ашылды. Сырым ауданындағы алғашқы мейрамхананың игілігін талдыбұлақтықтар көрді.

Ауылды ұстайтын – мектеп. Мектепті ұстайтын – оқушы. Осы мақсатпен, 2008 жылдың қаңтар айында 80 балаға арналған жаңа типтік жобада салынып, пайдалануға берілген Қазақстан негізгі мектебі келешек жас ұрпақтың сапалы білім алуына қолайлы жағдай туғызды. 2010 жылы жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешеніне күрделі жөндеу жүргізілді.

2011 жылы Сырым ауданының «тамырына қан жүгіргендей» жаңалық болды. Ауданға газ келіп, желтоқсан айында көгілдір отынмен қамту шаралары басталды. Көгілдір отынды көптен күткен халықтың қуанышында шек болмады. 2 үйге 100, 4 үйге 50 пайыз жеңілдікпен көгілдір отын кіргізілді.

Ауыл халқын ауыз сумен қамту да назардан тыс қалмады. 2014 жылдың тамыз айында Талдыбұлақ ауылына республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша сумен қамту жүйесі пайдалануға берілді. Оған 63 млн. 969 мың теңге бөлінді. 2014 жылы 146 нүктеге телефон терминалдары орнатылып, байланысты дамытуға  мүмкіндік туды. 2015 жылдың сәуір айында Талдыбұлақ ауылдық әкімі апаратына УАЗ автокөлігі берілді. 2017 жылы "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасы бойынша Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өтті. Есік, терезелері жаңартылып, кіреберіс фойесінің едені мен төбесінің шатыры ауыстырылды.

Ауыл жастары да ауылдың көркеюіне ат салысып келеді. Мәселен, 2018 жылы ауыл жастарының қолдауымен 1 маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай балалар ойын алаңы, бұқаралық спортты дамыту мақсатында қысқы мұз айдыны жасақталып, ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналды. Халықтың 30 пайызын спортқа тартуға ауылда мүмкіндік туды. 2019 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында әмбебап футбол алаңы пайдалануға берілді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» жобасы аясында ауылдан түлеп ұшқан атымтай жомарт азаматтар да туған жердің өркендеуіне үлестерін қосты. Осы жылы мектептің 2008 жылғы  түлектері ауылды көркейту бағытында құны 200 мың теңге тұратын «Менің жүрегім Талдыбұлақ» атты жарық диодты тақтаны, Қазақстан ауылының жастары «Менің жүрегім Қазақстан» жарық диодты тақтаны орнатты. 2003 жылғы мектеп түлектері ауылдың кіреберіс жолына «Талдыбұлақ ауылы» белгісін қайтадан жаңартты. Жоба құны 400 мың теңге.

2020 жылдың қараша айында Талдыбұлақ ауылына базалық станция құрылысы салынып, актив байланыс желісі іске қосылды.

2021 жылдың маусым айында мектебіміздің 2001 жылғы түлектерінің ат салысуымен құны 700 мың теңге тұратын автобус аялдамасы халық игілігіне пайдалануға берілді. Игі іс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Ағымдағы жылы  ауыл ішіне радио қондырғысы орнатылды. Саңқылдап сөйлеген «Қазақ радиосы» ауыл көшесіне, қыр мен қыратқа, бел мен белеске Азаттықтың асыл үнін таратуда.

Биыл Талдыбұлақ даласын тұлпарлар дүбірге бөледі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауыл жастарының ат салысуымен дала қызықтары өтті. Жүйрік жарысып, балуан күресті.

Еркіндіктің тойы мәңгілік болсын!

Даниял Танзенов,

Сырым ауданы

Талдыбұлақ ауылдық окруугінің әкімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале