22.12.2020, 10:22
Оқылды: 77

Телефоннан келер зиян көп

Бүгінде кез келген баланың қолында мобильді құрылғының жүруі қалыпты жағдайға айналып барады. Бұл мақтанарлық та, қуанарлық та жағдай емес. Себебі смартфонның кері әсері балалардың дамуын тежейтінін ғалымдар дәлелдеп отыр.

тел1

Қазіргі таңда қашықтан оқыту кезінде оқушылар телефонды сабақ кезінде қолданып жүр. Бірақ сабақтан тыс уақытта да балалар ұялы байланысты шамадан тыс пайдалануда. Олар күндіз-түні ұялы телефонды қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды. Бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Телефонды ұзақ уақыт үздіксіз пайдалану оқушы денсаулығына едәуір зиян келтіретіндігі айдан анық. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршағыш келеді. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Ғалымдар небір сұмдық жайттарды да анықтап отыр. Қуаттағыш қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей болады екенбіз. Мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлескенде, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен. Міне, ақпарат. Жалпы айтқанда, келер ұрпақтың болашағына өте зиян. Қазіргі күнде адамдар тек жеңіл әрі дайын нәрсеге бойын үйретіп алды. Соның ішінде телефон. Тез хабар алып, хабар жіберу бір қарағанда уақытыңды үнемдейтінге ұқсайды. Шындығына келсек, сол телефонның денсаулығымызды құртып жатқанынан бәріміз де бейхабармыз.

Балаларымыз ұялы телефонды шамадан тыс пайдалану денсаулыққа зиянды екенін ұқса дейміз. Әр нәрсені пайдаланудың өзіндік ережесі мен шектеулері бар. Сол ережелреді қатаң сақтай білсек, смартфоннан келер зиянды мейлінше төмендетер едік. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз. Сондықтан да ұялы телефонды қорғану ережесін сақтап қолдансақ, нұр үстіне нұр болар еді?!..

Айсәуле Тасмағамбетова,

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале