29.08.2026, 0:00
Оқылды: 1

Теректі ауданы: Жаңа Өмір мен Ұзынкөл ауылының өнерпаздары мерекелік кеш өткізді

Теректі төрінде Жаңа Өмір және Ұзынкөл ауылдық округтерінің өнерпаздары аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

785710139_18231695074316896_3997380100106400444_n

Кеш барысында ет өнімдері, дәмді тағамдар мен тәттілер саудаланып, қолөнер жәрмеңкесі мен сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарлама «Ақсұңқар» бишілер ансамблінің орындауындағы «Көктем» биімен ашылып, әуезді әндер мен мың бұралған биге ұласты. Кештің шарықтау шегінде арнайы қонақ Аль Азиз экстрим шоу көрсетіп, көрермен ризашылығына бөленді. Сонымен бірге аудан жастары арасында тартысты спорттық ойындар өтіп, шара дәстүрлі «Атамекен» әнімен мәресіне жетті.

788091144_18231694996316896_3058122705197316806_n

Тұрғындарға қуаныш сыйлаған бұл жоба салауатты өмір салтын насихаттауға, шағын кәсіп иелерін қолдауға және жас дарындарды танытуға мүмкіндік берді.

788629529_18231694942316896_2265565769423812491_n

Келесі кезектен тыс өнер эстафетасын Құмақсай мен Покатиловка ауылдық округтерінің өнерпаздары жалғастырады.

Қ. Аманжол,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале