20.02.2024, 17:15
Оқылды: 18

Теректі ауданында қар шығаруға 7,9 миллион теңге бөлінді

Теректі ауданында қар еру кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және  болдырмау шаралары басталды.

кар тазалау

- Көктемдегі ең басты қиындық - су тасқыны. Сол себепті, аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырыс өткізді. Отырыста қардың қалыңдығы қандай, қай жерлерді су басу қаупі жоғары, бәрі анықтала айтылып, аудандық бюджеттен қаражат бөлінеді. Қазір ауылдық округтерде 28 мотопомпа, 2870 метр өрт сөндіру жеңқұбыры бар. Теректі ауданы әкімінің аппаратында 23 мотопомпа, 920 метр жеңқұбыр, 20000 қапшық, оның 2000 данасы қапталған, дайын тұр. 14,7 тонна жанар-жағармай -11,4 тонна бензин, 3,3 тонна дизель отын қоры жасақталған, - деген мәлімет берді  Теректі аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бойынша бас инспекторы Абзал Хами.

чс кар

Бас инспектор қызыл су тасқынына қарсы тұруға тағы да қосымша 5 мотопомпа, 1 тіркемелі мотопомпа сатып алынады деп отыр. 80 тонна инертті материал, яғни құм-қиыршыққа мемлекеттік сатып алу жарияланған.

2 кар тазалау

Су басуының алдын алу үшін Теректі, Подстепное, Тоқпай, Жаңа өмір, Ақжайық, Ұзынкөл ауылдарындағы қауіпті жерлерден су соруға арнайы ассенизатор көліктерімен шарт жасалған.

Ауылдарда қар шығару қолға алынды. Бұл шараға 7,9 миллион теңге қарастырылған көрінеді. Мәселен, аудан орталығында күні бүгінге 1750 текше метр қар шығарылған.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале