30.10.2026, 17:50
Оқылды: 5

Теректі ауданында қазақ күресінен біріншілік өтті

Жуырда  Жаңаөмір ауылында қазақ күресінен аудандық біріншілік  өтті.  Додаға ауданның  32  балуаны қатысты.

Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде Теректі ауданы әкімінің орынбасары Т.Сағынгереев сөз сөйледі.

Спортшыларымыз тек күш-қайратын ғана емес, сонымен бірге бабадан жеткен қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін, жоғары шеберлігін көрсете білді. Әр белдесу тартысқа толы болып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

4cbec9de-56cb-4e92-b7e2-3eaf66ce5d98

Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша жүлдегерлер мынадай ретпен анықталды:

70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі («Өгіз балуандар»): І орын — Тайман Нұрғалиев (Подстепный ауылдық округі), ІІ орын — Ахмет Шүйншалиев (Подстепный ауылдық округі), ІІІ орын — Қорғанбек Бақтияров (Подстепный ауылдық округі).

70 кг-дан жоғары салмақ дәрежесі («Түйе балуандар»): І орын — Мұрат Баубеков (Шаған ауылдық округі), ІІ орын — Мират Сағиев (Ұзынкөл ауылдық округі), ІІІ орын — Шыңғыс Қажиакбаров (Подстепный ауылдық округі).

0618ffc8-cdc4-4148-b139-c6dbcc07822b

Жеңіс тұғырынан көрінген балуандар арнайы дипломдармен, медалдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

М.Нұрымжанқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале