30.11.2021, 20:42
Оқылды: 94

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Теректі аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты шара өтті. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы — еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз қарқынды дамуда.

A5DD82A8-122D-4D7C-A3D3-5B9886667E12

Мерекелік шара барысында құттықтау сөз алған аудан әкімі Тілекқабыл Ғабдушев еліміздің ұлт көшбасшысы, ұлы даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлғаның ел дамуына қосқан үлесін тілге тиек етті. Сондай-ақ ауданымыздың көркеюі мен экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бір топ азаматтарды марапаттады.

FC6BD236-9F13-4BEC-AA43-20FF2A75BA11

Салтанатты шарада Долин ауылдық округінің фельдшері М.Макеева, Ұзынкөл ауылдық округіндегi грек-рим күресінен жаттықтырушы И.Оразбеков, «Алтын шуақ» ҚБ төрағасы С.Ашықбаев, аудандық білім беру бөлімінің есепшісі А.Бахитова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің іс жүргізушісі М.Мырзаболатова, Богданов мәдениет үйінің меңгерушісі В.Медетова, «Қазына» коворкинг орталығы қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы С.Мырзағалиева, Теректі аудандық ветеринарлық станциясы директорының м.а. А.Юмабаев, Теректі «Таза су»  бас инженері А.Ажмұханов, «Қазпочта» АҚ басшысының орынбасары И.Бутенкоға алғысхат табысталды.

8D616441-57D7-4E21-B3A3-A19F4E406E5A

Сонымен бірге мемлекеттік қызметке қабылданған Богданов ауылдық округі әкімінің бас маманы Қайрат Лұқпанов жұмысына адал болуға халық алдында ант берді.

Марапаттау рәсімі одан әрі мерекелік концертке ұласты. Мәдениет үйі өнерпаздарының «Қазақстан - өз елім», «Ұлт көсемі», «Мен қазақпын» сынды әндері мен аудандық саз мектебінің дәстүрлі ән үйірмесінің тәрбиеленушілері «Елім менің», Үлгілі «Өркен» балалар вокалды ансамблі «Туған өлкем» әндерін орындады. Үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі мың бұрала билеп қалың көпшілікті өнерімен тәнті етті.

A09728B2-EF31-4281-BD43-21F18AEA2EFC

A6B5F15A-E6F5-4CC5-801F-7ECC512706D5
5B84CF43-E0B5-43E3-9B59-34D2B2A7964D
4F16B767-36FB-4DC6-848C-085B1D3AA4EB
Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале