5.07.2021, 15:57
Оқылды: 101

Теректі ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылдық округінде Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай 160 орындық жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Оған БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, БҚО әкімі орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов қатысты.

206DBFC9-8DED-4371-9ECE-90FE575CC415

A0180B8E-CC02-424D-B911-D7848E42DD01

Спорт кешенінің құрылысы 2020 жыл басталған еді. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясы қаржыландырып, құрылысты «Наурыз» ЖШС жүргізген. Жобаның құны – 341 млн. теңге шамасында. Айта кету керек, былтыр Теректі ауданы бойынша екі street workout алаңы, бір балалар алаңы және 8 спорт алаңы пайдалануға берілген-тұғын. Биыл да аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасып, бес street workout алаңы, үш спорт алаңы және 5 балалар алаңының құрылысы аяқталмақшы. Нәтижесінде теректіліктер бұқаралық спортпен айналысуға толық мүмкіндік алады. Подстепныйдағы спорт кешені де салауатты өмір салтын қалыптастыруға бекінген тұрғындар үшін таптырмас орынға айналатыны ақиқат.

436F3287-8AD0-47D2-B698-303543501D8D

Спорт кешенінің ашылу салтанатында БҚО әкімінің орынбасары М.Манкеев сөз сөйлеп, аудан халқын су жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сөз сөйлеушілердің қатарында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Адам Чарльз Лоумасс болды. Ол спорт кешеніне компания атынан спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Теректі ауданының құрметті азаматы Мұсағали Төлегенов сөз алып, құрылысты сапалы әрі уақытында тапсырған мердігер компания өкілдеріне алғысын айтты.

1DB9A171-8AB3-4E60-9842-6ED5BFD403A1

Мердігер компания, яғни «Наурыз» ЖШС бас директоры Азамат Ғұбайдуллин «Теректі» спорт клубының директоры Армат Ибраевқа салтанатты түрде кешеннің кілтін табыстады.

Аудан халқын қуанышқа бөлеген спорт кешенінің лентасын БҚО әкімнің бірінші орынбасары Мұхтар Наурызбайұлы мен әскери самбодан Азия және әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Темірлан Ихсанғалиев қиды.

 Әділет Орынбасарұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале