1.10.2019, 9:53
Оқылды: 458

Теректі ауданының әкімі ерекше эстафета бастады

Газеттің жанашырларына белгілі, қазан айының басында түрлі басылымдарға жазылу науқаны басталады.

 IMG_0069

Әр аудан облыстық және жергілікті газеттерді қолдау мақсатында түрлі шаралар өткізуде. Ал Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов заманауи бастамаға бет бұрып, жаңа эстафета бастады.

-«Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газеті - ауданымыздың айнасы іспетті. Әр тұрғын газетке қамқорлық танытып, қолдауын іс жүзінде көрсетуі тиіс. Бүгін аудан бойынша 2020 жылға жазылу науқаны басталды. Мен аудандық, облыстық газеттерге жазылып отырмын. Осы игі бастаманы эстафета ретінде қабылдап, оны жалғастыруды аудандық мәслихат аппараты ұжымы және аудандық білім беру бөліміне жолдаймын,-деді Әділ Тауфиқұлы.

IMG_0075

Айта кету керек, эстафетадан бөлек аудандық газет ұжымы оқырмандар арасында ұтыс ойындарын өткізбекші. Яғни, аудандық газетке жазылғандығын растайтын түбіртектер ұтысқа түсіп, түрлі аталымдар бойынша бағалы сыйлықтар ұсынылады. Ұтыстың басты жүлдесі – ноутбук.

Олай болса, басылымды қолдап, бағалы сыйлықтың иегері атан, оқырман!

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале