20.09.2023, 18:00
Оқылды: 10

Теректіде 700 бума шөп жалынға оранып, 175 тонна пішен жанып кетті

Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт қауіптілігі, шабындықтағы және пішен сақтаудағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы күн сайын айтып, дабыл қаққанымен Теректі ауданында оқыс оқиға болды.

4B21EEF1-CF82-4C32-BA12-EDA49D59966E

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәлімдеуінше, 19 қыркүйек күні сағат 17:00-де Долин ауылдық округі аумағында қысқы азыққа жиналған шөп өртенді.

«Әлижан» шаруашылығының 700 бума шөбі жалынға оранып, 175 тонна пішен жанып кетті. 300 шаршы метрге жуық жерді өрт шалды. Абырой болғанда салдарынан адам шығыны мен зардап шегуі болған жоқ.  

Көңілге медет болары, шөп бөлек маяланған. Жапсарлас құрылыста мая болмаған соң, өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтады.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале