26.12.2022, 16:15
Оқылды: 63

Теректіде әкім шыршасы өтті

Теректі аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің, Жаңа жыл» дәстүрлі әкім шыршасы өтті. Оған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және мүгедектігі бар 100-ге тарта бүлдіршін қатысты.

IMG-20221226-WA0038

 

 

Балалар шыршасына куә болған аудан әкімі Тілек Габдушев бүлдіршіндерге ақжарма тілегін жолдады.

— Биылғы Балалар жылы толағай табыстарға толы жыл болды. Болашақта оқуда озат болып, елге қызмет етіңіздер, — деді өз сөзінде.

IMG-20221226-WA0056

 

Балғындарды арнайы құттықтай келген мультфильм кейіпкерлері — майнкрафт, қуыршақ Лол, аққала, тышқан, барыс мерекенің сәнін кіргізді. Әсем кештің «шырқын бұзған» зұлым ХаггиВаггиге қарсы тұрған балалар би билеп, ойындар ойнап көңіл көтерді. Таңғажайыпқа толы кештің кейіпкерлері  Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндердің өлеңдерін тыңдады.

IMG-20221226-WA0047

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгелов оқушылармен бірге шырша айналып, тәттілер мен естелік сыйлықтар табыс етті.

IMG-20221226-WA0050

 Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале