1.06.2022, 15:15
Оқылды: 84

Теректіде балалар күні тойланды

1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шара шымылдығы 2021-2022 оқу жылында үздік нәтиже көрсетіп, спорт, өнер, білім додаларында топ жарған бүлдіршіндер шеруімен ашылды. Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар балаларға құттықтау хатын ұсынды. Сондай-ақ балалар шығармашылық үйінің жасақтаған көрмесімен танысып, шахматшы балалардың ойынын тамашалады.

IMG-20220601-WA0105

Концерттік бағдарлама барысында кішкентай өнерпаздары әсем әндер шырқады. Аудандық балабақша бүлдіршіндерімен қатар, үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі де мың бұрала би биледі.

IMG-20220601-WA0091

Концерттік бағдарлама одан әрі «Балалар машинасы шеруі», «Самокаттар шеруі», «Велосипедшілер шеруі», «Шаш үлгісінен дефиле» және  асфальтта сурет салумен жалғасты.

IMG-20220601-WA0104

Балалар мерекесіне орай, арнайы келген «Балаларға базарлық» ойын-сауық орталығы аниматорлары барша балғындарға қызықты ойындар ойнатып, би билетіп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар таратты.

IMG-20220601-WA0102

Сонымен қатар аудандық мәдениет үйі қызметкерлері балаларға балмұздақтар үлестірді.

IMG-20220601-WA0113

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале