25.12.2023, 21:23
Оқылды: 103

Теректіде білім беру саласының үздіктері анықталды 

Теректі ауданы орталығында «Білім беру саласының жыл үздігі – 2023» сыйлығы табысталды. Шараға Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

image-25-12-23-07-01-19

Аудан басшысы «Жыл директоры» аталымында жеңімпаз болған Ұзынкөл ЖОББМ директоры, Қ.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы Анаргүл Тутебаеваға марапатын табыстады.

image-25-12-23-07-01-17

image-25-12-23-07-01-16

Әлия Биғазықызының қолынан «Білім беру ұйымы басшысының үздік орынбасары» аталымында жеңімпаз болған Госплемстанция ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Мұсағалиева, Ақсуат мектеп-бөбекжай кешені директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Сәрсенова марапат алды.

image-25-12-23-07-01-13

Сонымен қатар, Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова жыл қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен Подстепный ЖОББМ-нің география пәні мұғалімі Мәншүк Өтепқалиеваға, Федоров №1 ЖОББМ-нің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Замира Молдағалиеваға, Покатилов ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шерхан Ихсановқа, Магистрал ЖОББМ-нің география пәні мұғалімі Гүлбану Қыдырғалиеваға, Аңқаты ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Нұргүл Төремұратқызына, Шаған ЖОББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлия Асқарқызына, Федоров ЖОББМ-нің көркем еңбек пәні мұғалімі Салиха Құбашеваға, Хамза Есенжанов есімін иеленген білім ордасының бастауыш сынып мұғалімі Қабира Әмірғалиеваға, Пойма ЖОББМ-нің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Аида Әділбекқызына және Чапаев ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Бақтыгүл Нұржанқызына құрмет көрсетті.

image-25-12-23-07-01-14

Облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер, жерлесіміз Сержан Идиятов та жыл бойы жемісті еңбек еткен бір топ білім беру саласы қызметкерлерін марапаттады. Олардың қатарында Подстепный №1 ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Асхат Қабиев, Абай ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлия Ахмадиева, Ақжайық ЖОББМ-нің биология пәні мұғалімі Нұргүл Тілеуғалиқызы, Ақсуат ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі Бекназар Фрунзеев, Госплемстанция ЖОББМ-нің шағын орталық тәрбиешісі Рая Нағимова бар.

image-25-12-23-07-01-12

Приречный ЖОББМ-нің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Павел Чесноков, Ұзынкөл ЖОББМ-нің физика пәні мұғалімі Сымбат Серікқызы, Долинск негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Әлішер Жұматаев, Еңбек негізгі орта мектебінің психологі Данияр Маратұлы, Социализм негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сымбат Мұқашева, Восход негізгі орта мектебінің педагог-психологі Гүлжан Жантемірқызы және Богданов негізгі орта мектебінің математика пәні мүғалімі Александр Дик есімді ұстаздарға аудан басшысының Алғыс хатын Теректі аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев ұсынды.

image-25-12-23-07-01-9

«AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев жыл бойы белсенген Жайық НОМ-нің математика пәні мұғалімі Жанар Сағымбекқызына, Қоғалытүбек НОМ-нің физика пәні мұғалімі Алтынгүл Ғабдешоваға, Талпын НОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жансұлу Акаповаға, Шөптікөл НОМ-нің тарих пәні мұғалімі Светлана Жантуринаға, Ақжайық шипажайы бастауыш мектебінің ұстазы Ләззат Зекешоваға, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогі Әлфия Жұмағұловаға, Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогі Манас Аққожинға, Теректі баллар музыка мектебінің вокал сыныбының оқытушысы Аэлита Ерсайноваға, «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Майра Ораққалиқызына Алғыс хат табыстап, құттықтады.

image-25-12-23-07-01-5

Теректі аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ төрайымы Ұлдай Сәрсенова да сахнаға көтеріліп, бір топ әріптестеріне мерейлі марапаттарын жеткізді. «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі Зиягүл Нұртазина, «Бөбек» балабақшасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Талшын Бекбаева, «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Айжамал Аққайырова, «Жұлдыз» балабақшасының директоры Ләззат Мағрашқызы, «Өркен» балабақшасының тәрбиешісі Орынғаным Сайлауқызы, «Қызғалдақ» балабақшасының әдіскері Жібек Габдуахитова, «Бәйтерек бөбекжайының тәрбиешісі Самал Өтепбергенова, «Бүлдіршін» балабақшасының тәрбиешісі Осиха Базарбайқызы және «Ақжелкен» бөбекжайының тәрбиешісі Нұршат Каримова Алғыс алып, мерейлері тасыды.

image-25-12-23-07-01-1

image-25-12-23-07-01-11

Шара аясында «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі, аудан өнерпаздары Бақтыгүл Ғабитқызы және Тілекші Бектұрғанова кеш шырайын кіргізді. Теректінің ұстаздары тек білім беріп қана қоймай, әсем ән де әуелете алуға қауқары бар.

image-25-12-23-07-01-2

Жайық НОМ-нің директоры Айсәуле Сағидоллақызы «Менің досым» әнімен және Покатилов ЖОББМ-нің директоры Медет Бауыржанұлы «Жаңа жыл» әнін орындап «Жыл үздігіне» жиналған әріптестерінің қолдауына ие болды.

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале