24.05.2026, 16:30
Оқылды: 21

Теректіде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Теректі ауданында тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – жұмыс іздеушілерге тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік жасап, жұмыс берушілер мен тұрғындар арасында тікелей байланыс орнату.

702589956_3306431789538692_6465212188136119278_n

Жәрмеңкеге жалпы 12 жұмыс беруші қатысып, 55 бос жұмыс орнын ұсынды. Атап айтқанда, Теректі ауданы әкімінің аппараты, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, мәдениет, тілдерді дамытужәне дене шынықтыру бөлімі, аудандық аурухана, Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және жеке кәсіпкерлер өздеріндегі бос жұмыс орындарын таныстырды.

Сонымен қатар шараға «Санара» жеке кәсіпкерлігі, «Игілік Теректі» шаруа қожалығы, «Үмбетияров» жеке кәсіпкерлігі, «Таза Су» ЖШС қатысып, түрлі мамандықтар бойынша вакансиялар ұсынды.

Жәрмеңкеге барлығы 11 жұмыс іздеуші қатысып, ұсынылған жұмыс орындары бойынша ақпарат алды. Сондай-ақ Теректі ауданы бойынша пробация қызметі №1 және №2 есебінде тұрған 3 жұмыссыз азамат та шараға қатысып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен танысты.

704715771_3306431626205375_4799762227392848945_n

Шара барысында жеке сот орындаушысы құқықтық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.

Жәрмеңке аясында тұрғындар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, еңбек шарттары мен мамандық талаптары жөнінде мәлімет алды. Мұндай шаралар аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Әдемі Талғатқызы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале