5.11.2021, 17:44
Оқылды: 53

Теректіде полиция қызметкерлерiне арналған семинар-тренинг өтті

Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округiнде "Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен, Теректi аудандық аналар кеңесiнiң қолдауымен полиция қызметкерлерiне "Əйелдердi зорлық-зомбылықтан қорғау үшiн полиция қызметкерлерiнiң кəсiби бiлiктiлiгiн арттыру" тақырыбында семинар ɵттi.

A0C2B3EE-9D53-4D97-9645-B17F2B8C4B3A

Ақжайықтық полиция бɵлiмi ɵкiлдерiнiң бiлiмiн шыңдауға облыс орталығынан "БҚО ƏƏБ Жоғары аграрлық-техникалық колледжi" МКҚК педагог-психологi, педагогика ғылымдарының магистрi Толқын Ержанова арнайы келдi.

Семинар барысында Толқын Құттыбайқызы мен "Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң тɵрайымы Гүлмира Тɵлегенова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлерi, себептерi жəне тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қалай кɵмек кɵрсету қажеттiгiн баяндап, қиын ɵмiрлiк жағдайға ұшырағандардың мəселелерiнiң шешiмiмен таныстырды.

Полиция қызметкерлерi сұрақтарын қойып, қызмет бабындағы тəжiрибелерiмен бɵлiстi.

2F894F88-294D-4BD9-A2CF-8FD014E98DFB

Əйелдердiң жарқын ɵмiрiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған семинар түстен кейiн де жалғасын тапты. "Бақытты отбасындағы бақытты бала" атты семинар-тренингке Ақжайық ауылының жастары, жас отбасылар, бiлiм саласының қызметкерлерi қатысып, бақытты жанұяны қалыптастыру, отбасында мейiрiмдi қарым-қатынас орнату, балаларды жазасыз тəрбиелеу туралы мəндi мағлұмат алды.

Ата-аналар қазiргi заманда бала тəрбиесiнде кездесетiн қиындықтарды атап, психологиялық кɵмектiң керектiгiн жасырмады.

C6D15A43-6BE4-439C-818C-D2E6842A5C43

Семинар соңында Толқын Құттыбайқызы мен Гүлмира Тайманқызы жоғары сыныптың қыздарымен кездестi. Оқушылар мамандардың жеке қабылдауында ɵздерiн толғандырған сауалдарын жолдап, алға қойған мақсаттарына жету жолында кеңес алды.

Камелия Ɵтеу,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале