16.09.2020, 13:58
Оқылды: 1057

Теректіде праймеризге қатысушылар арасында дебат басталды

Бүгін Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында праймеризге қатысушылар арасында дебат басталды.

Terekti praimeriz (1)

Бетпе-бет жүздесу барысында «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мерхат Ибраев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, Теректі ауданы бойынша праймеризге ұзын саны 28 үміткер тіркелген.

Бүгін бес және алты адамнан құралған 2 топ жұртшылықты болашақ жоспарларымен құлақтандырды. Айталық, түске дейін өткен пікірсайыста бес адамнан құралған топтың құрамында «Бисен» шаруа қожалығының басшысы М.Бисенов, «Бақыт» шаруа қожалығының басшысы А. Бөкенбаев, Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің директор-редакторы Ә.Орынбасаров, Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығыың басшысы Н.Аткеева, «Волонтеры Солнечного Уральска» ҮЕҰ жастар жетекшісі Ж.Әбубәкір бар.

Дебат кезінде бірінші болып сөйлеу жеребе бойынша анықталды. Қатысушылар ереже бойынша бірінші бөлімде өздерінің сайлауалды бағдарламаларын көпшілікке ұсынса, екінші бөлімде бір-біріне сұрақ қойды.

Ал қалған топтар қыркүйектің 18-і және 22-сі күні жалғастырады.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале