16.04.2022, 17:53
Оқылды: 48

Теректіде сенбілік жұмыстары басталды

Тазалық айы басталысымен Теректі ауданы халқы білектерін сыбана сенбілік жасауға кірісті. Қыс бойы қордаланып, ауыл сәнін кетіріп тұрған қоқыстарды кәрісі де, жасы да жинауға тырысуда. Әрине, бұл бір күннің шаруасы емес. Әр сенбі күні барлық мекеме қызметкерлері шығып, белгіленген аймақтарды жинайды.

C1677A66-029C-43A7-B784-C9D3BE23482D

Осы игі жұмысқа аудан басшысы Тілек Габдушев бас болып, ауыл іші, жағалау мен жол бойындағы қоқыс қалдықтарын жинады.

Сенбілік жұмыстарына ауданның әр тұрғыны үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Тұрғындар тым болмағанда өз ауласын таза ұстап, күл-қоқыстарын шығаруы қажет. Округтегі әр көшеге қоқыс жәшіктері орнатылған. Тұрғындар қоқыс жәшігіне тұрмыстық қалдықтардан басқа ауладан шыққан нәрсенің бәрін лақтыра салады. Ол толып, желмен ұшып жиналған жерді қайта шашуы ықтимал. Тұрмыстық қалдықтардан басқа нәрселерді арнайы белгіленген орынға апарып төгу қажет.

85D50827-4A4A-4CA7-BB7C-21181DD66DAA

Теректі ауылдық округі бойынша сенбілік жұмыстарына 6 дана техника бөлініп, 268 адам қатысты.

Аудан орталығында орналасқан ауыл болғандықтан келімді-кетімді адамдар көп, қоқыстардың да мол кездесуі анық нәрсе.

9875B7D7-C59C-4D1E-9DDF-ADF3E1813164

Аталмыш сенбілікте округ бойынша барлығы 30 куб тұрмыстық қалдықтар шығарылған.

Ауданымыздың таза әрі көрікті болуы бәріміздің ортақ мәртебеміз. Сенбілікке бейжай қарамай, тазалыққа жұмыла кірісейік!

D64B3175-A79A-4B90-B3FF-90F2481DD4DC

62B804AA-A494-48A8-85C1-E537214E8D55
A3B32CA0-860C-479C-8804-B99C11D50602
Балнұр Қанаева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале