15.11.2022, 20:25
Оқылды: 31

Теректіде теңге күні тойланды

Теректі аудандық мәдениет үйінде төл теңгеміздің айналымға енген күніне орай мерекелік шара өтті.

0B5E5873-66B9-421C-8BAD-688FA75BCA01

Оған қатысқан аудан әкімінің орынбасары Аманкелді Тоғызбаев қаржы саласында аянбай тер төгіп жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін арнады. Сонымен қатар бір топ маманға алғысхат табыс етті.

Тінін тарқатсақ, ҚР Қаржы министрлігінің алғысхатымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Р.Ракова марапатталды. Одан бөлек, аудан әкімі Тілек Габдушевтың атынан алғысхатты ауданның құрметті азаматы С.Қоқашев, еңбек ардагері Е.Жұмағазиев, мәслихат есепшісі Ж.Даужанова, бас қазынашы С.Томпишева, экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі М.Жауынбаева, БҚО Теректі аудандық Халық банкінің аға менеджері Л.Айсина, «КТ Теректі» ЖШС есепшісі Н.Степаненко, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас есепшісі Н.Мустивко, аудандық мәдени-демалыс орталығының бас есепшісі Г.Природа иеленді.

734A5FF7-6EE5-48A4-B2F9-D1D809367B6A

Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы С.Сәрсенова, Долин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Дюсембаева, Богданов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ш.Құрмашева, Шалқар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Нұрмұханов, ішкі саясат бөлімінің бас есепшісі Г.Сисенова, аудандық орталықтандырылған аурухананың бас экономисі Д.Асауова, білім беру бөлімінің бас есепшісі Г.Бекболатова, орталықтандырылған аурухананың есепшісі Р.Дәулетиярова да назардан тыс қалмады.

FC1C8AFE-E247-4E39-9C7F-86787612AC86

31743659-09F8-46F8-8CAC-972E2B9D3563
Салтанатты жиында мәдениет үйінің өнерпаздары әсем ән салып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Балнұр Қанаева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале