13.03.2020, 15:41
Оқылды: 125

Теректіде төл алу науқаны жалғасуда

Қазір малды ауылда қарбалас шақ, төрт түлік төлдеп жатыр. Бұл науқан Теректі  ауданында да ойдағыдай ұйымдастырылуда.

Mal

Қазірдің өзінде мұнда аналық малға 3188 жас төл еріп отыр. Аудандық  ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, күні бүгін  1384 бұзау, 975 қозы, 151 құлын және 485 лақ алыныпты. Мұның сыртында жаңа өмір есігін ашқан 193 «талпақ танау» бар көрінеді.

Иә, түлік – төлден өседі. Теректі де төл алу науқаны одан әрі жалғасуда.

                                                                                          Камелия Өтеу 

Теректі ауданы

  zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале