22.12.2020, 14:36
Оқылды: 140

Теректіде хәкім Абайдың ескерткіші бой көтерді

Ұлық мереке Тәуелсіздік күніне орай Теректі ауданында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды.

 2 абай ескерткиш1

Ауданның Ақжайық ауылдық округіне қарасты Абай ауылында бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына БҚО әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, БҚО мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов және Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов қатысты.

Ескерткішті Абай ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізген «KazStroyGarant» ЖШС сыйға тартты.

Аудан әкімі Арман Кәрімұлы серіктестік басшысы Сафа Азизовқа алғыс білдіріп, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Ұлы тұлғаны ұлықтап, ұлт руханиятының темірқазығы саналатын хәкім Абайдың есімін иеленген ауылда қойылған ақынның ескерткіш-мүсінін ашу құрметі ардагер ұстаз Ерболат Қарағойшин мен БҚО әкімі орынбасары Серік Егізбаевқа ұсынылды.

Абай ауылындағы білім ордасының оқушылары Олжас Ұлықпанов, Жасқыран Мұстахимұлы және Ақерке Сағидулиева ақынға арнау өлеңдерін оқып, Абайдың қара сөздерін жатқа айтты.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале