Орал қаласында өткен республикалық шахмат турнирінде Теректі ауданының атынан қатысқан Өтеген Мүбарак жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл жарыс белгілі қоғам қайраткері, ақын және жазушы Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған республикалық деңгейдегі турнир аясында ұйымдастырылды.

Жарысқа өңірдің түрлі аймақтарынан келген тәжірибелі елуге жуық шахматшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Ардагерлер арасындағы тартысты ойында Өтеген Мүбарак тамаша ойын өрнегін көрсетіп, III орынға ие болды. Теректі спорт клубының ұжымы ардагер спортшыны шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жеңістер тілейді.
Майра Нұрымжанқызы
«Теректі» спорт клубының әдіскері