«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

28.02.2023, 16:15
Оқылды: 47

Теректілік кәсіпкер сабын өндірісін дамытуда

Кез келген кәсіп – береке бастауы. Хәкім Абай атамыз айтпақшы, кірпіштей дүниеге кетігін тауып, қалана білген адам ғана тұрақты табысқа кенелмек. Бастысы, жақсыны көрмекке ұмтылыс, ізденіс керек. Ал қол жайып, қарап отырғаннан ешкімнің көсегесі көгермейтіні хақ.

теректі 2

Мейірхан Сисенов Новопавлов ауылынан таяуда кір сабын шығаратын шағын кәсіп бастаған. Бүгінгі таңда өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазір оның шағын цехы тәулігіне 4 000 дана сабын шығаруға қауқарлы.

Екінің бірі қолға ала салмайтын кәсіп – сабын бизнесін бастау идеясы қалай келгені, күнделікті қолданыстағы кір сабынды жасау әдісі қандай екені хақында Мейірханның өзінен сұрап білдік.

Ол күнделікті шығыны қай нәрсеге кететінін анықтай келе кір сабын жасау бизнесіне тоқталған. Ойын әбден бекітіп, тәуекелге бел буған жерлесіміз көп кешікпей сабынды дайындайтын және кесетін құрылғыларды сатып алады.

теректі 1

– Әр адам кәсіпкер бола алады. Ең бастысы, бастаған ісіңе адал болуы керек. Талмай еңбек ету қажет. Талпынған адамға еңбек етуге мүмкіндік көп. Мәселен, өзім YouTube әлеуметтік желісінен кір сабынның жасалу жолын қарап, содан үйреніп алдым. Одан әрі көздеген мақсатымды жүзеге асыру үшін Тараз қаласына барып, білімімді жетілдіріп оқып келдім. Аталмыш істі қолға алғаныма бір айдай уақыт болды. Үй шаруасында көп қолданатын әрі бағасы да төмен дүниенің бірі – кір сабын ғой. Өзімнің темір тұлпарымды сатып, қаржысына құрылғыларды сатып алдым. Кір сабынның құрамы өте оңай. Шикізаттың барлығы қолжетімді. Құрамына ешқандай химиялық зат қоспаймыз, тек қана май,  яғни өсімдік пен жануар майын пайдаланамыз.  Жалпы, кір сабынның пайдасы өте көп. Біріншіден, табиғи және экологиялық таза өнім. Екіншіден, тіпті қатты сіңген кірді де кетіре алады. Суық суда да, ыстық суда да жууға болады. Жүннен тоқылған бұйымдарды кір сабынмен жуу пайдалы екені анықталған, олар үлпілдек әрі жұмсақ бола түседі. Үшіншіден, адам үшін пайдалы. Себебі, тек қана табиғи құрамдас бөліктерден тұрады. Ол аллергия тудырмайды. Кішкентай балалардың да киімдерін жууға болады және теріні тітіркендірмейді, - деген Мейірхан Сейілханұлы кір сабынға сұраныстың барын тілге тиек етті.

WhatsApp Image 2023-02-28 at 13.00.10

Қазіргі таңда ол қаладағы шаруашылық тауар сатумен шұғылданатын көтерме сауда иелерімен келісімге келген. Сабындарын соларға сатпақ.

Айтпақшы, сабынның біреуі 130 теңге тұрады. Келешекте үкіметтен грант алып, кәсібінің өрісін кеңейтіп, шашқа арналған сусабын, сұйық сабын шығару ісін де қолға алғалы отыр.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале