16.05.2023, 16:16
Оқылды: 33

Теректілік көпбалалы ана жеңімпаз атанды

Орал шаһарында «Бір ауыл — бір өнім» жобасы аясында «Іскер жұлдыз» байқауы өтті. Аталмыш шара БҚО іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынованың қолдауымен,  кеңес мүшелері, қаржылай жәрдемдескен Тоғжан Бабиева, Жарқынай Әкімғалиева, Айнұр Салимова, Нұрсұлу Бисманова,  Балғын Оразова, Динара Қазиевалардың  ұйытқы болуымен жүзеге асқанын айта кеткен жөн.

IMG-20230516-WA0003

Байқауға Теректі,  Ақжайық, Казталов, Жаңақала, Бәйтерек аудандарынан үміткерлер қатысты. Сайып келгенде,  Подстепный ауылының тұрғыны,  көпбалалы ана Жұмагүл Хайнешова жүлделі  І орынды қанжығаға байлады.

IMG-20230516-WA0005

Сонымен қатар 100 000 мың теңгелік сертификатқа қол жеткізді.  Сондай-ақ,  подстепныйлық кәсіпкер Анар Қайрекенова да белсенділігі үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале