5.03.2021, 17:04
Оқылды: 163

Теректілік қос чемпион ел намысын қорғайды

Жуырда Орал қаласында грек-римнен жасөспірімдер және кадеттер арасында облыс біріншілігі өтті. Аталмыш спорт бәсекесі теректіліктер үшін олжалы болды деуге толық негіз бар.

рим1

2004-2005 жылы дүниеге келген кадеттер арасында Алмас Болатов  қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Алмас 27-29 наурыз аралығында Ақмола облысы, Жақсы қаласында өтетін ҚР біріншілігінде облыс намысын қорғайтын болады. Бұл жас палуанның республикалық деңгейдегі үшінші «жорығы». Осыған дейін екі мәрте ҚР біріншілігіне қатысып, мамандардың жоғары бағасын алған.

Ал 2006-2007 жылғы дүниеге келген жасөспірімдер арасында 62 келі салмақта Аян Аронов Алмастың жетістігін қайталап, тұғырдың биік сатысына жайғасыпты. Ол енді 15-18 наурыз аралығында Алматы облысы, Жаркент қаласында өтетін ҚР біріншілігіне қатыспақ.

Қос чемпионды бала кезінен жаттықтырған Айдын Сүлеймановтың айтуынша, шәкірттері бүгінгі таңда облыстық спорт мектебінде оқып жатыр екен. Дегенмен, Федоров ауылдық округіне қарасты Жайық ауылынан түлеп ұшқан Аян мен Алмастың болашағына дүйім Теректі үмітпен қарайды.

 

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале