18.08.2022, 16:31
Оқылды: 63

Теректілік жас ақын жүлдегер атанды

Орал шаһарында Балалар жылына орай, сондай-ақ, ҚР Конституциясы күніне және Сырым Датұлының 280 жылдығы мен Кеңес одағының батырлары М.Мәметова, Х.Доспанованың 100 жылдығына арналған «Тартынбай сөйлер асылмын» атты облыстық оқушылар айтысы өтті.

6

Сөз додасында  Орал қаласы, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Ақжайық, Теректі аудандарынан келген, барлығы 10 жас ақын  бақтарын сынады.

7

Ауданымыздың атынан қатысқан Ақжайық ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Ділназ Исмағұл қаратөбелік Досхан Бекболатұлымен айтысты. Бұл – Ділназдың облыстық сахнадағы алғашқы айтысы. Тұңғыш рет болса да, талантты қызымыз еш тайсалмастан жақсы өнер көрсете білді. Сайып келгенде, жүлделі үшінші орынға ие болды. Біз үшін жоғары көрсеткіш, әрине! Қуанарлық жәйт.

Ал әділ қазылардың қатарында елімізге белгілі айтыскерлер – Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев, Эльдар Ихсанов, Мұрадым Мирлановтар болғанын айта кеткен жөн.

8

Облыстық айтыс  барысында Ділназға аудан әкімі атынан алғысхатты Ақжайық жалпы орта  білім беретін мектебінің директоры Шолпан Какижанова табыстады. Сонымен қатар  мектеп ұжымы атынан да сыйлығын беріп, ақ тілегін ақтарды.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале