11.09.2024, 17:30
Оқылды: 105

Теректілік жастар бастаңғыда бас қосты

Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығына – 10 жыл және «Іс үшін – За дело» қоғамдық бірлестігіне – 20 жыл толуына орай Шағатай ауылында «Жалынды жастар мекені» атты бастаңғы өтті.

98A12475-1246-422C-BE8D-362226F8B621

Мәдени және спорттық іс-шаралармен ерекшеленген бастаңғыда ауылдық округтің жастары екі күнін ұмытылмастай өткізді.

Бастаңғы – үлкен кісілер алыс жолға жолаушылап, сапарлап кеткенде жастардың басын қосатын көңіл ашу ойын ортасы. Осындай ортадан табылған ауданымыздың қозғаушы күштерінде еш арман жоқ шығар, сірә...

974FEB47-5315-4D29-93B3-F1C5E5DD3BEE

Шағатайға табан тіреген олар әуелі ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, тұмса табиғатында сергіп қалды. Содан соң туған топырақтан түлеген қол күресінен әлем чемпионы Бейбарыс Наурызғалимен кездесті. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп музейіне аялдап, Жеңіс саябағында болған жастар көңілді тренингтен соң өзен жағасында тамақтанып, ашылу салтанатына дайындалуға кірісті.

1D1303A4-512C-4BA7-AC82-274D3F27E043

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев пен ауыл әкімі Рүстем Мүтиев қатысты.

0B1508BA-5562-4612-BF2A-389DDB42EDA2

Олар құттықтау тілектерін айтып, жастармен бірген ән шырқады. Әсіресе Қалаубек Баубекұлының жастарды жақын тартып, емін-еркін әңгімелесіп, тіпті гитараны қолына алғаны тамаша болды.

CD3FBBDC-6C35-4EAE-9863-6AAD1423E673

Содан соң ұлттық ойындар ойнап, балық аулап жарысып, зияткерлік сайыстарға қатысқан жастар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Осындай тектес іс-шара әлі де жалғасын таппақ.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале