8.10.2021, 15:19
Оқылды: 67

Теректіліктер екпе алуда белсенді

Әлемде өршіген індетпен күресте коронавирусқа қарсы екпе алудың жақсы нәтиже беретініне көзіміз жетті. Вакцина вирустан құтылу жолы емес, ол – ауруға қарсы салынатын екпе. Екпе арқылы адам ағзасында жұқпалы ауруға  қарсы тұру қабілеті қалыптасады.

DD70389C-3759-4422-B275-3AD782EBE994

Екпе алу жайындағы соңғы ақпараттарға сүйенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 7 775 348 адам, ІІ компонентін 6 776 270 адам салдырған көрінеді. Яғни, экономикалық қабілетті қазақстандықтардың басым бөлігі вакцина алған. Солардың қатарында теректіліктер де бар. Әсіресе, Долин ауылдық округі аумағындағы халық жаппай коронавирусқа қарсы екпе алуға барған.

Осы әкімшілік бірліктің әкімі Талғат Манатауов:

-Долин ауылдық округінде 1616 тұрғын бар, 1056 адам  коронавирусқа қарсы екпе алды. Нақты көрсетсек, округ халқының 65,3% вакцина алып отыр. Бұл шараны ұйымдастырып, халықты қамтуда медицина мамандары жақсы жұмыстанды. Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Тұрғындар арасында жасы егде тартқан жандар көп. Созылмалы науқасты жандар  бар. Сондықтан, әр адамның денсаулық жағдайын саралай отырып, әрекет еттік. Әр адам  өз еркімен, саналы түрде шешім қабылдады,-дейді Талғат Бисенғалиұлы.

Екпе алу - әркімнің өз таңдауы. Біріншіден, өз саулығыңды ойлау болса, екіншіден – жаныңдағы жақындарыңның саулығын ойлау. Ендеше, долиндіктерден үлгі алып,  вакцина алуды үдетейік.

Денсаулығымызды күтіп, бұл індетті бірге жеңіп шығайық!

 Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

 Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале