9.10.2023, 14:45
Оқылды: 62

Теректіліктер қарияларға құрмет көрсетті

Қайырымдылық айлығы аясында теректілік бір топ делегация Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.

FB_IMG_1696841536836

Аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама дайындаса, Теректі ауданы әкімі орынбасары Қалаубек Теміров орталықтағы түрлі тағдыр иесіне , яғни аталар мен әжелерге ізгі тілегін жеткізді.

- Тоқсан жылдық тарихы бар ауданымыз осы орталықта өмір сүріп жатқан қарияларымызды ешқашан ұмытпайды. Ауданның жеңістері мен жетістік жолдарында сіздердің де үлестеріңіз бар. Осы орайда Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанованың сәлемін жеткізсем деймін. Сіздерге мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй және ұзақ өмір тілейміз, - деді Қалаубек Баубекұлы.

FB_IMG_1696841520292

Одан кейін әкім орынбасары мекеме басшысы Арман Оразғалиұлына Алғысхат пен естелік сый табыстады.

Аудан өнерпаздары Айбек Дәулетқалиев, Әлия Шин, Дәурен Жұмағалиев, Қайрат Сағидуллин, Виктория Шаяхметова, Сағидолла Изделеев, Злиха Қалмағанбетова, Айгүл Қайрова және Асыланбек Шайхин әсем әндерді әуелетіп, әдемі атмосфера сыйлады.

FB_IMG_1696841512025

Орталық директоры Арман Оразғалиұлының айтуынша, ағымдағы айлықта Теректі ауданы алғашқылардың бірі болып осындай шараны өткізіп отыр екен. Мекеме басшысы мәнді де сәнді шараны ұйымдастыруда бас болып жүрген аудан әкімдігіне, сонымен қатар Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне алғысын айтты.

Одан кейін орталықтағы Теректі ауданы тумаларына арнап арнайы дастархан жайылды.

 

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале