4.06.2021, 12:00
Оқылды: 42

Теректіліктер Рәміздер күнін атап өтті

Теректі ауданында Рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Оған Теректі ауданы әкімінің орынбасары Армат Байғазиев, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев қатысты. Мерекелік шарада Әнұранымыз қалықтап, жиналғандар оны қосыла шырқады. Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев теректіліктерді мерекемен құттықтады.

E46C006F-1F9B-4957-BE68-D1B35A8E645D

-Рәміздер күні - елдігімізді айғақтайтын қастерлі мереке. Бүгінгі таңда еліміз даму жолына бағыт түзеп, өсіп-өркендеуде. Оның бәрі тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы. Ал азаттығымыздың бір көрінісі- рәміздер екені айдан анық. Олай болса әрдайым Әнұранымыз шарықтап, көк Туымыз қалықтап, төрімізден Елтаңбамыз түспесін, - деді Арман Амангелдіұлы өз сөзінде.

Шара аясында өңірімізге танымал әнші Айбек Дәулетқалиевтің "Рәміздерім - қадірлім" атты су жаңа авторлық әнінің тұсауы кесілді. Ақын Әділет Орынбасаровтың сөзіне жазылған әнді "Жұлдыз" үлгілі би ансамблі (жетекшісі Жанар Тайшыбаева) бимен көркемдеді.

C2EF16ED-A09F-4065-944F-F3C96585D130

Концерттік бағдарламада Шайзада Елжанова, Дәурен Жұмағалиев, Таңат Жексенбаев, Сағидолла Изделеев, Қайрат Сағидуллин, Злиха Қалмағамбетова және "Теректиночка" халықтық вокалды ансамблі әсем әннен шашу шашса, "Дат" халықтық театрының жас әртістері патриоттық бағытта өлең оқыды.

C7430284-60BA-4ADB-B042-4745F7ACF218

Әділет Зере,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале