15.06.2022, 16:00
Оқылды: 44

Тоғызқұмалақшылар топ жарды

13-16 маусым күндері Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарында Жаңақала ауданы тұңғыш рет "тоғызқұмалақ" спорт түрі бойынша жалпы командалық есепте І орынға ие болды.

InShot_20220615_155857930

- Әрбір жарыс – үлкен тәжірибе алаңы. Жарыстардағы әр жетістіктің артында үлкен еңбек жатыр. Шәкірттерім Нұрберген Түсіпқали, Айназ Сақтаған мен Аида Баймұхан Алматы облысы, Талдықорған қаласында өткізілетін республикалық жарысының жолдамасына ие болды. Алдағы уақытта  да үлкен жетістікке жету үшін аянбай жаттыға беретін боламыз. Жеңісті күндеріміз көп болсын, - дейді жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлы.

InShot_20220615_155908346

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале