8.12.2022, 14:31
Оқылды: 71

Тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өтті

Жуырда жалпы білім беретін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің спорт залында «Балалар жылына» орай тоғызқұмалақтан 2012, 2013, 2014 жылдары туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Тасқала ауданының ашық біріншілігі өткізілді.

19

Жарысқа облыстық 13 командадан 115 тоғызқұмалақшы қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыстың ашылу салтанатына Тасқала ауданының мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры, облыстық ұлттық тоғызқұмалақтан жасөспірімдердің аға жаттықтырушысы Данияр Орынбасаров, аға жаттықтырушы Жарасхан Сағынбаев қатысып, спортшыларға игі лебізін білдірді.

20

Ашық біріншіліктің нәтижесі 9 жастағы қыздар арасында І орынға Мақсұт Баян (Сырым ауданы), ІІ орынға Телемген Инабат (Бөрлі ауданы), ІІІ орынға Өтесін Аяулым (Бәйтерек ауданы) мен Кенжегалиева Айназым (Сырым ауданы),  9 жастағы ұлдар арасында І орынға Жолдыбай Нұрәлі (Сырым аубаны), ІІ орынға Біржан Әмірхан (Сырым ауданы), ІІІ орынға Төлеуғали Қайсар (Бөрлі ауданы) мен Ануарбеков Қайсар («Санжар»  интелектуалдық спорт мектебі), 11 жастағы қыздар арасында І орынға Батуллина Мөлдір (Бәйтерек ауданы), ІІ орынға Абухан Амина (Орал қаласы), ІІІ орынға Маратова Фатима (Жаңақала ауданы) мен  Ғарифолла Айша (Сырым ауданы), 11 жастағы ұлдар арасында І орынға Бижан Ерасыл (Орал қаласы), ІІ орынға Асқаров Алижан (Ұлттық спорт мектебі), ІІІ орынға Мақсотұлы Нұрдаулет (Орал қаласы) мен Рамазан Абылай (Сырым ауданы) ие болды.

Жүлдегер атанған жас тоғызқұмалақшыларға арнайы медаль мен дипломдар табысталды.

Меңдібек Нұрболатұлы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале