14.02.2023, 21:33
Оқылды: 12

Тоғжан топ жарды

«Үздік жыл психологі - 2023» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан мектептерінен жеті психолог қатысты. Қазылар алқасы сынға түскен жетеудің жұмыстарын саралап қарап шықты. Байқау шартына сәйкес психолог-мамандардың жұмысы үш санат бойынша таразыға салынды. Еңбек өтілі үш жылға дейінгі жас мамандар, 3-7 жыл еңбек өтілі бар мамандар мен 7 жылдан астам еңбек өтілі барлардың жұмысы бөлек-бөлек қаралды.

WhatsApp Image 2023-02-14 at 16.09.38
Байқау нәтижесінде үш жылға дейін еңбек өтілі бар педагог-психологтер санаты бойынша М.Мәметова атындағы мектептің педагог-психологі Меңдігүл Мұқатова II орынға ие болса, Б.Жәнекешев атындағы мектептің педагог-психологі Айгүл Ғайсина жеті жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі барлар арасынан ІІ орынға лайық деп танылды. Жеті жылдан астам еңбек өтілі бар психологтер санаты бойынша Ш.Жексенбаев атындағы мектептің педагог-психологі Бибігүл Сихова «Креативті психолог» аталымына, Жәңгір хан атындағы мектептің педагог-психологі Нұржауған Ізтұрғанова «Шығармашыл психолог» аталымына, А.Құсайынов атындағы мектеп-балабақша кешенінің педагог-психологі Гүлдана Саламатова III орынға, Т.Масин атындағы орта мектептің педагог-психологі Вероника Абулкатина жүлделі II орынды иеленсе, М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің педагог-психологі Тоғжан Хаирова жүлделі I орынды жеңіп алды. Байқау жеңімпаздары аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен, аталым иегерлері алғысхатпен марапатталды. Барлық қатысушыға Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табыс етілді. Аудандық кезеңнің жеңімпазы Тоғжан Хаирова облыстық кезеңге жолдама алды.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале