18.05.2023, 18:00
Оқылды: 14

Төтенше жағдайға дайындық жайы пысықталды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

InShot_20230518_175816229

Аудан әкімі күні кешегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу" тақырыбында өткен кешенді оқу-жаттығуда жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлерге алғысхат табыстады.

IMG-20230518-WA0174
Комиссия отырысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ақылбек Сағитов жазғы мезгілде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу шараларын мәлімдесе, аудандық өрт сөндіру бекетінің басшысы Сабыржан Ибрашев өрт сөндіру қызметіне дайындық, судан бастап түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталуы жайынан ақпарат ұсынды.

IMG-20230518-WA0171

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллин жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі турасында сөз алды.

Отырысқа онлайн қатысқан орман шаруашылығының басшысы Ақылбек Әлсейітов, Мұратсай ауылының әкімі Мейрамбек Ғилманов та орманды өрттен сақтау, суға шомылу мерзіміндегі адам өмірінің қауіпсіздігі тақырыбында хабарлама жасады.
Отырысқа төрағалық еткен аудан басшысы Нұрлыбек Даумов ерікті өрт сөндіру жасағының дайындығын пысықтау мақсатында оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыруды ұсынды.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале