25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қаратөбе ауданында мерекелік шара өтті.
Алдымен орталық саябақтағы тутұғырда мемлекеттік туымыз салтанатты түрде көтерілді.
Халқымыздың рухын көтеру мақсатында өткізілген «Патриотизм дауысы» мемлекеттік гимнді жаппай орындау шарасына қатысушылар мерекелік көңіл-күймен мемлекеттік әнұранды орындады. Ұлттық мерекеге орай өткізілген шарада аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:
– Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл мереке еліміздің президентінің қолдауымен биылдан бастап Ұлттық мереке санатына енді. Ендеше Республика күнінің ұлттық, саяси және тәрбиелік мәні де халқымыз үшін ерекше. Аталмыш мерекеге орай баршаңыздың обасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін, - деді.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы,
zhaikpress.kz
1.06.2023, 23:35
1.06.2023, 17:39
1.06.2023, 17:20
1.06.2023, 14:30