26.10.2018, 16:06
Оқылды: 51

«Туған жер» этно-мәдени жобасының өкілдері Ешкітауға барды

«Туған жер» этно-мәдени жоба аясында Тасқалаға келген қонақтар облыс бойынша ең биік нүкте саналатын «Ешкітауға» ат басын бұрды.

eshkitau (1)

Табиғи ерекшелігімен көптің көңілін аулаған тау баурайы қаламгерлердің де көңілінен шықты. Көліктен түскен қонақтар аймақпен танысуды тау басынан ағып жатқан бұлақтан бастады.

-Суы таза, салқын. Ауасы тамаша. Облыстағы ең биік нүкте саналады. Бүгінде мемлекет тарапынан қорғауға алынған. Негізі бұл тау туралы аңыз-әңгіме көп. Мектеп оқушылары осында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, экологиялық байқауларға қатысып, республика көлемінде жүлдегер атанып жүр. Елімізден бөлек ресейлік ғалымдар да қызығушылық танытып келді. Қанша зерттеу жұмысы жүргізілсе де таудың әлі күнге сақтаған сыры көп. Экологиялық жағдайға байланысты бұл жерді мекендейтін аң-құс атаулы азайып кетті,- деді тау аймағын таныстырған С.Жақсығұлов атындағы мектеп мұғалімі Н.Вологин.

Сондай-ақ аудан қонақтары тау басында туристер қалдырған ескерткіш басына барды. Қалыптасқан салт бойынша ескерткіш жанындағы талға ақ байлады.

eshkitau (2)

eshkitau (3)

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале