15.12.2021, 10:40
Оқылды: 157

"Тұғыры биік Тәуелсіздік"

 Осындай атаумен Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйде арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсету бөлімшесінің  ұйымдастыруымен танымдық шара өтті.

D5998F1E-68F4-4B0D-AC18-173D35B95E56

Шара барысында балалар жаттаған өлеңдерін оқып, ән шырқады. "Желтоқсан желі" атты бейнеролик көрсетіліп, тәуелсіздік сөзінің ұғымы кеңінен түсіндірілді. Тәуелсіздікке арналған сурет және қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылып, балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.

4230AD6E-CBBF-4814-AED2-28DCC212F687

- Тәуелсіздік - ұлтымыздың ұлы мерекесі. Осы ұғымды балалар санасына сіңіру, оларды елжандылыққа баулу ұстаздың парызы деп санаймыз. Тәуелсіз елде өскен ұрпақ та бақытты,- деді арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Дидар Сатанғалиева.

9327FE48-A9E8-4B87-9C1D-187F530A86D8

А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале