5.06.2022, 9:43
Оқылды: 38

Тұқым себу жұмыстары аяқтала келді

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Дариян ауылдық округіндегі «Мативосян» шаруа қожалығы базасында бәйтеректік диқандармен жүздесті.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 07.46.10 (1)

Көктемгі дала жұмыстарының жүру барысымен таныстырған аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменовтің сөзінше, биыл Бәйтеректе егістік алқабы 218280 мың га болады деп жоспарланды. Оның ішінде күздік 36,8, жаздық 77,5, майлы 61, мал азығы дақылдары былтырғы жылдан қалғаны 29,5, биыл егілетін 10,картоп 1,6, көкөніс 1,5, бақша дақылдары 0,3 мың гектардай. Бұл жоспар асыра орындалды. Соның ішінде майлы дақылдар 126,8 пайызды құрады. Тұқымға, жанармайға, техникаға қатысты мәселе туындаған жоқ. Қазір тұқым себу жұмыстары аяқтала келді.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 07.46.10

Осы сапары барысында өңір басшысы Рубежин ауылдық округіндегі «Рубежинское» АӨК болып, картоп егу жұмыстарымен, жаңадан құрылысы жүріп жатқан көкөніс қоймасының құрылысымен танысты. Сондай-ақ Январцев ауылындағы «Bayston» ЖШС-ның да жаңадан салынып жатқан көкөніс қоймасында болды.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 07.46.11

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале