19.05.2020, 10:05
Оқылды: 70

Түлектердің тірлігі қуантады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Казталов ауданының Жұлдыз ауылында А.Хұсайынов атындағы орта мектебін 2004 жылы бітірген түлектер игі бастама көтеріп, ауыл орталығындағы А.Хұсайынов атындағы саябақ ауласына жаңғырту жұмыстарын жүргізді.

3EB03307-C6AC-4D19-849F-9268B977F36D

Сөйтіп, қайта жаңғырған саябақты тұрғындардың игілігіне тарту етті.

Салтанатты шарада округ әкімі Асхат Нұржанов сөз алып, іске бастамашы болған түлектерге алғысxат табыстады. Жаңғыртылып, қайта ашылған А.Хұсайынов атындағы саябақ ауласының айналасына жаяу жүргіншілер жолы төселіп, демалуға ыңғайлы орындықтар орнатылып, жарықшамдармен жарықтандырылды. Ауыл ақсақалдары осындай ауқымды жұмысты қолға алған ауыл азаматтарына ақ батасын берсе, ақжаулықты аналар шашу шашты. Туған жерді түлету, сол елде туып өскен әрбір жанның перзенттік парызы екендігін ұғынып, ауылдың көркейіп, ажарлана түсуіне атсалысқан түлектерге тұрғындар риза.

 Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале