20.12.2023, 16:45
Оқылды: 52

«Тұрғын үй беруде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажет»

Жәнібек аудандық әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде комиссияның отырысы өтті.

410551589_905132921616383_5277028961132787276_n

Жиынға прокурор Сәкен Молдашев, аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов, мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мейрамхан Бапақов, бөлім басшылары мен комиссия мүшелері қатысты.

Комиссия отырысында аудан бойынша тұрғын үй кезегі және коммуналдық тұрғын үй қорынан үй беру кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, білім саласында орын алуы мүмкін сыбайлас-жемқорлық фактілерін алдын алу, жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында акциялар, кездесулер өткізу, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның 2024 жылға арналған жоспарлары туралы талқыланды.

411324686_905132951616380_478798473939810675_n

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиевтің баяндауынша, ауданда 2022 жылдың соңында тұрғын үй кезегіне 411 адам тіркелген. Бүгінгі таңда 378 адам мұқтаж адамдарға тұрғын үй беру кезегінде тіркеуде тұр. Тұрғын үй кезегіндегі жандар саны 2022 жылмен салыстырсақ, отыз сегіз адамға азайған. Одан бөлек көпбалалы отбасы санаты бойынша елу тоғыз, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп жатқан санат бойынша он тоғыз, бюджеттік сала қызметкерлері санаты бойынша жүз қырық, 1-2 топ  мүгедек азаматтар санаты бойынша жиырма, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында сегіз, зейнет жасында жиырма, тұрғын үйлері апатты жағдайда алты адам тіркелген. Мұның балығын бөліп-жармай, заң аясында кезекпен үй беру өте жауапты іс. Аудан әкімі Тимур Серікұлы:

411443009_905132861616389_1775453245533778563_n

- Тұрғын үй беруде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажет. Бұл орайда тек заңға жүгінген жөн. Аудан тұрғындарының барлығы өз кезектері келгенде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі керек. Оларды тіркеп, құжаттарын жинауда бәрін зерделеңіздер, - деді.

Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова білім беру саласындағы негізгі функцияларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас - жемқорлықты мүлде болдырмау, білім беру қызметін адал да жүйелі түрде жүзеге асыру, білім беру ұйымдарының басышыларына үгіт-насихат жүргізу сынды жұмысқа тоқталып, аты жаман кеселді білім саласына жақындатпау жөнінде ой қозғады. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық негізінде 2023 жылы сексен екі жас кеңес алып, бесеуі тұрақты жұмысқа орналасқан болса, ақылы қоғамдық жұмысқа он екі жас маман жолданып оның ішінен бес жас маман тұрақты жұмысқа алынған.

411324684_905133044949704_2094459737088364931_n

Аталған орталықтың директоры Мөлдір Әбдірешева өз сөзінде:

- Негізінен орталықтың мақсаты - жастардың тың идеяларын жүзеге асыру және оларды қолдау. Теологиялық және заңгерлік бағыт бойынша 14-35 жас аралығындағы жастарға тегін кеңестер беріледі. Аудандағы ауқымды шаралар жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлері арасындағы «JRO – дауысымен» басталған болатын. Оған дейін де, кейін де бірнеше шара өтті. Жастармен өткен әр түрлі бағыттағы байқауларда не кездесулерде сыбайлас жемқорлық мүлдем орын алмайды. Оның алдын алу мақсатында барлық ауылдық округте орталық мамандарының қатысуымен жиындар да өтті. Жас ұрпақтың сыбайластыққа қарсы екенін бірден байқауға болады. Бұл бізді қуантады, - деді.

Прокурор Сәкен Сәрсенбайұлы жаңа жылдан бастап ауылдағы жастармен жұмыстанудың аса маңызды екенін жеткізсе, аудан басшысы Тимур Серікұлы баяндалған жұмыстың нақты жоспарын дайындауды тапсырып, жиынды түйіндеді.

Райымбек Шапағат,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале