16.08.2022, 18:00
Оқылды: 35

Тұрғындардың тілектерін тыңдады

Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес аудан және ауылдық округ әкімдері тоқсан сайын халықпен кемінде бір рет кездесу өткізу керек деп көрсетілген. Осы орайда бүгін аудан әкімінің орынбасарлары Асхат Молдағалиев пен Жақсылық Абдолов Тегісшіл, Майтүбек елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. 

IMG_7810

Тегісшіл елді мекеніндегі кездесуге Асхат Хамитұлымен бірге аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Абдрешев қатысты. Жиында тұрғындар интернеттің баяулығы, ауыз су, аудан орталығына қатынайтын жол, жер мәселесі төңірегінде сұрақтарын қойды. Сондай-ақ шағын орталықтың тарлығы салдарынан ауылдағы бүлдіршіндердің көбісі балабақшаға бара алмайтынына тоқталып, ауыл әкіміне мәселені шешу қажеттігін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін жасалып отырғандығын, елді мекендердегі өзекті мәселелер рет-ретімен шешілетіндігін айтып, әр сұраққа нақты жауап берді.

IMG_7811

Осындай жиын Майтүбек елді мекенінде де өтті. Бұл кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев қатысты. Басқосу барысында аудандық шекара басқармасының Х.Халиуллин атындағы  шекара заставасының басшысы,  учаскелік инспектор тұрғындарға елімізде атқарылып жатқан жұмыстар, жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде түсінік жұмыстарын айтып, хабарламалар таратты. Тұрғындар жолдарды күтіп ұстау, елді мекенде салынған ауыз су құбырларының отырған жерлерін кері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу сынды мәселелерді  ортаға салып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Ә. Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале